Алматыда «Ғаламтордағы діни сауаттылық» атты жалпы кездесу өтті
Алматыда ағымдағы жылдың 02 қыркүйегінде «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Қайсар Мырзабайдың қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ғаламтордағы діни сауаттылық» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді.Дінтанушы маман елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында радикалды ағымдардың уағыз насихаттары кең таралғанын айтты.Жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті.Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.
Материал Алматы қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







