Алматыда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған 17 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталды: Город Алматы, 04 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

Алматыда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған 17 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталды

Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы жұмыс аясында Алматы қаласы Құрылыс басқармасы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға кейіннен беру үшін 6 353 пәтер сатып алуды жоспарлаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда 2 717 пәтер уәкілетті органның теңгеріміне берілді. Тағы 640 пәтерді қабылдап алу жұмыстары аяқталу сатысында. Олар бойынша қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылған. Жоспарланған барлық пәтерді беру жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда.

Қазіргі уақытта жалпы 2 246 пәтерге арналған 29 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бүгінде 1 366 пәтерді қамтитын 17 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталды. Оның ішінде 7 тұрғын үй Қалқаман-2 шағынауданында, ал 10 тұрғын үй Жас Қанат шағынауданында орналасқан.

Қазіргі уақытта пайдалануға дайын нысандар бойынша техникалық паспорттарды рәсімдеу жұмысы жүргізілуде.

Ал 880 пәтерге арналған қалған 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын Жас Қанат шағынауданында 2027 жылдың ІІ тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Источник: КГУ «Аппарат акима города Алматы»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы жұмыс аясында Алматы қаласы Құрылыс басқармасы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға кейіннен беру үшін 6 353 пәтер сатып алуды жоспарлаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда 2 717 пәтер уәкілетті органның теңгеріміне берілді. Тағы 640 пәтерді қабылдап алу жұмыстары аяқталу сатысында. Олар бойынша қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылған. Жоспарланған барлық пәтерді беру жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда.

Қазіргі уақытта жалпы 2 246 пәтерге арналған 29 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бүгінде 1 366 пәтерді қамтитын 17 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталды. Оның ішінде 7 тұрғын үй Қалқаман-2 шағынауданында, ал 10 тұрғын үй Жас Қанат шағынауданында орналасқан.

Қазіргі уақытта пайдалануға дайын нысандар бойынша техникалық паспорттарды рәсімдеу жұмысы жүргізілуде.

Ал 880 пәтерге арналған қалған 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын Жас Қанат шағынауданында 2027 жылдың ІІ тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Еще новости региона