Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі
Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Атап айтқанда, электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 14 тамыз сағат 22:00-ден 15 тамыз сағат 06:00-ге дейін Мұқанов көшесінен Қожамқұлов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.
Жұмыс жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске салайық, көлік қозғалысына қатысты барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» қосымшаларында жарияланады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







