Алматыда жастарға діни манипуляцияларға қарсы тұру тәсілдері үйретілді
Алматы қаласында ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Дін істер басқармасының қызметкерлерімен қатар теолог мамандары «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының» студенттерге арналған «Дәстүрлі емес радикалды ағымдардың белгілері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.Іс-шараға 47 студент қатысты. Мамандар жастарға дос болу немесе «зиянсыз кеңестер» түрінде күмәнді діни тәжірибелерге қалай тартылуы мүмкін екенін қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндірді.Сонымен қатар, қазіргі таңда вербовканың көбінесе нақты өмірде емес, студенттерге таныс ортада – мессенджерлердегі чаттарда, әлеуметтік желілерде және бейне-платформаларда басталатыны ерекше атап өтілді.Қатысушыларға мынадай «дабыл белгілеріне» назар аудару қажет екені түсіндірілді: отбасынан және достардан оқшаулануға үндейтін өткір шақырулар, жеке құндылықтарға қысым жасау, сондай-ақ жабық онлайн-топтарға тарту әрекеттері. Студенттерге ақпаратты сыни тұрғыда қабылдаудың маңыздылығы мен күмән туындаған жағдайда құзыретті органдардан кеңес алудың қажеттігі ескертілді.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар алған білімдерінің ақпараттық кеңістікте сенімді бағыт-бағдар алуға және күмәнді байланыстардан аулақ болуға көмектесетінін атап өтті. Студенттердің оң пікірі көрсеткендей, бұл секілді бастамалар жастар арасындағы қауіптердің алдын алуда маңызды құралға айналуда.
Материал Алматы қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







