Алматы облысының діни оңалту бағытында жұмыс жасайтын теолог мамандарына арналған оқыту семинары өтті
Ағымдағы жылғы 31 наурыз күні радикалды және экстремистік діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсететін Алматы облысы Дін істері басқармасының Оңалту орталығының теолог және психолог мамандарына арналған біліктілікті арттыру семинары өтті.
Қоғамдағы адамдардың радикалдануының алдын алу жолдары, дін және қарым-қатынас психологиясы тақырыптары аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы оқу орталығының қызметкері Болат Шоманов пен Қазақстан Республикасы Психологтар қауымдастығының сарапшы-психологы Ақмарал Абдукеева бірқатар маңызды ақпараттармен бөлісті.
Атап айтқанда, экстремистік діни ағымнан зардап шеккен азаматтармен дұрыс психологиялық байланыс орнату және олардың радикалдануына себеп болған діни факторларды анықтау мен алдын алу мәселелері талқыланды.
Жалпы, діни оңалту бағытында жұмыс жасайтын мамандардың біліктіліктерін арттыру қоғамдағы теріс діни идеология әсерін азайтуға ықпал етеді.
Аталған бағыттағы оқыту семинарлары ағымдағы жылы тағы да өз жалғасын табады.
Материал Алматы облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -