«ALMATY RUN»: Астанада 2,5 мыңнан астам адам 6,2 шақырымды жүгіріп өтті
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Спорт күніне орай «ALMATY RUN» бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Триатлон паркінде өткен спорттық іс-шараға 2,5 мыңнан астам адам қатысып, 6,2 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Іс-шараның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға ынталандыру. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай айтты.
«ALMATY RUN» бұқаралық жүгіруі Астана қаласының әкімдігі, қалалық прокуратура, Алматы ауданының әкімдігі және Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтіп жатыр. Іс-шара тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, белсенді демалысты насихаттауға бағытталды.
Биылғы іс-шараға тұрғындардың қызығушылығы жоғары болғаны байқалады. Бүгінгі іс-шараға 2,5 мыңнан астам адам қатысып жатыр. Оның «ALMATY RUN» аталуының себебі – іс-шара Алматы ауданында өтіп жатыр. Мұндай бұқаралық спорттық іс-шаралар тұрғындарды белсенді өмір салтына тартуға мүмкіндік береді», – деді ол.
Жарыс алдында қатысушылар үшін жалпы дене қыздыру жаттығуы өткізілді. Ал жүгіруден кейін тұрғындар стритворкаут, йога, қол күресі және белтемірге тартылу секілді спорт түрлерінен ашық жаттығуларға қатысты.
Сонымен қатар қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылды.
Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар әуесқой жүгірушілер, қала тұрғындары мен қонақтары да қатысты.Шымкенттен келген дзюдошы Бахтияр Пернебек те спорттық шараның маңызын атап өтті.«Спорт – денсаулық кепілі. Осындай іс-шаралардан халық қалыс қалмаса екен.
Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін, арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер», – деді қатысушы.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -


















