Қандастарға арналған семинар: діни қауіптер мен заң талаптары түсіндірілді
Алматы қаласында 11 қыркүйегінде қандастармен радикалданған діни ағымдардың қауіптері туралы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.Қандастардың тарихи отанына оралғаннан кейін радикалданған діни ағымдарға тартылуының алдын алу мақсатында Алматы қаласындағы Көші-қон қызметі орталығында «Қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін діни құрылымдардың қызметі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.Іс-шараға қазақстандық қоғамға бейімделу мен интеграцияның әртүрлі кезеңдерінен өтіп жатқан 60 қандас қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға қоғамдық қауіпсіздікке ықтимал қатер төндіретін радикалды діни ағымдардың негізгі белгілері, олардың идеологиялық ықпал ету тәсілдері, сондай-ақ радикалды топтарға тартылу қаупі түсіндірілді. Сонымен қатар, бұл идеялардың кейде шетелден келген туыстар немесе таныстар арқылы таралуы мүмкін екені де айтылды.Кездесу аясында діни сауаттылықты арттыру, қазақ халқының дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарына адал болу және Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға дінді тек ресми әрі беделді дереккөздерден үйренудің маңыздылығы ескертілді.Сондай-ақ, идеологиялық қысым белгілерін анықтау және құқыққа қайшы немесе күмән тудыратын діни белсенділік анықталған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігі бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Қатысушыларға кеңес немесе қолдау алу үшін жүгінуге болатын мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың байланыс деректері көрсетілген ақпараттық материалдар таратылды.Мұндай іс-шаралар экстремизмнің алдын алуға, рухани тұрақтылықты нығайтуға және қандастардың елдің әлеуметтік-мәдени өміріне сәтті бейімделуіне бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Қатысушылардың пікірінше, кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтті, бұл аталған санаттағы азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарының өзектілігі мен қажеттілігін дәлелдейді.
Материал Алматы қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







