АРЫСТА ҚАБЫЛСАЙ ТАБИҒИ АРНАСЫ БОЙЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Арыс қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасы қаланың ішкі аумағынан өтетін Қабылсай табиғи арнасының бойында өтті.
Сенбілік жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, түрлі сала мен мекеме ұжымдары, жастар ұйымдары мен еріктілер қатысты. Жалпы ұзындығы 11,2 шақырымды құрайтын Қабылсай арнасы көктем және күз айларында еріген қар мен жауын-шашын суларын өткізуге арналған табиғи су арналарының бірі. Осыған байланысты, аталған аумақтағы санитарлық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау және арна бойын күл-қоқыстан тазарту – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі.
Осы мақсатта сенбілікте арнадан тұрмыстық қалдықтар, ағаш бұталары мен өзге де қоқыстар шығарылып, арнайы техникамен тасымалданды. Аталған іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл бойы жалғасатын кешенді экологиялық жұмыстардың бір бөлігі.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -















