АРЫСТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ: Туркестанская область, 08 Октября 2026 года - новости на сайте gurk.kz

АРЫСТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

АРЫСТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

АРЫСТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

АРЫСТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

АРЫСТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

АРЫСТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

АРЫСТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Арыс қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Қабылдауға келген тұрғындар баспана мәселесін көтеріп, тұрғын үй кезегіне тұру және жалдамалы пәтер алу жөнінде өтініштерін жеткізді. Облыс әкімі оларға тұрғын үй мәселесін шешудің қазіргі тәртібін түсіндірді. Айта кетейік, 25 мамырдан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, кезекті жүргізу және тұрғын үйді бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Отбасы банкке» берілді. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес жүзеге асырылды. Бүгінде азаматтардың тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке тұруы электронды түрде «Отбасы банктің» тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы арқылы жүргізіледі. Өтініш беру үшін азаматтар

orken.otbasybank.kz

платформасын пайдалана алады. Жүйе өтініш берушінің мәліметтерін мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде тексереді. Сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үйді, оның ішінде жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйді бөлу де белгіленген тәртіппен бірыңғай электронды жүйе арқылы жүзеге асырылады. Іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылған күн және заңнамада көзделген талаптар негізінде жүргізіледі. Осыған байланысты облыс әкімі тұрғындарға тұрғын үй кезегіне қатысты барлық мәселе бойынша «Отбасы банк» арқылы белгіленген тәртіппен өтініш беруге болатынын түсіндіріп, жауапты мамандарға азаматтарға қажетті ақпаратты толық жеткізуді тапсырды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
Арыс қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Қабылдауға келген тұрғындар баспана мәселесін көтеріп, тұрғын үй кезегіне тұру және жалдамалы пәтер алу жөнінде өтініштерін жеткізді. Облыс әкімі оларға тұрғын үй мәселесін шешудің қазіргі тәртібін түсіндірді. Айта кетейік, 25 мамырдан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, кезекті жүргізу және тұрғын үйді бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Отбасы банкке» берілді. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес жүзеге асырылды. Бүгінде азаматтардың тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке тұруы электронды түрде «Отбасы банктің» тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы арқылы жүргізіледі. Өтініш беру үшін азаматтар <p class="html-span xdj266r x14z9mp xat24cr x1lziwak xexx8yu xyri2b x18d9i69 x1c1uobl x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"><a class="x1i10hfl xjbqb8w x1ejq31n x18oe1m7 x1sy0etr xstzfhl x972fbf x10w94by x1qhh985 x14e42zd x9f619 x1ypdohk xt0psk2 x3ct3a4 xdj266r x14z9mp xat24cr x1lziwak xexx8yu xyri2b x18d9i69 x1c1uobl x16tdsg8 x1hl2dhg xggy1nq x1a2a7pz xkrqix3 x1sur9pj x1fey0fg x1s688f" tabindex="0" role="link" href="http://orken.otbasybank.kz/?fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTAAcGRvZgFicmlkETFIaGRsN2dNUG9uNzdrMXZvc3J0YwZhcHBfaWQQMjIyMDM5MTc4ODIwMDg5MgABHky_Lurja3DmuXC5AemMi53HPuzXsy_u0-Gnsm_p6B_uVADiSco49ZUqr7LL_aem_41VGIMzuF0pYYmVldGqoiQ" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">orken.otbasybank.kz</a></p> платформасын пайдалана алады. Жүйе өтініш берушінің мәліметтерін мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде тексереді. Сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үйді, оның ішінде жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйді бөлу де белгіленген тәртіппен бірыңғай электронды жүйе арқылы жүзеге асырылады. Іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылған күн және заңнамада көзделген талаптар негізінде жүргізіледі. Осыған байланысты облыс әкімі тұрғындарға тұрғын үй кезегіне қатысты барлық мәселе бойынша «Отбасы банк» арқылы белгіленген тәртіппен өтініш беруге болатынын түсіндіріп, жауапты мамандарға азаматтарға қажетті ақпаратты толық жеткізуді тапсырды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еще новости региона