Астанада А. Кравцов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Астанада 19-22 тамыз аралығында А. Кравцов көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен Ж. Ташенов көшесіне дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







