Астанада есірткінің алдын алуға арналған қалалық байқау өтіп жатыр: Город Астана, 06 Октября 2026 года - новости на сайте gurk.kz

Астанада есірткінің алдын алуға арналған қалалық байқау өтіп жатыр

11:30 cегодня - 06 Октября 2026 года 6 Город АстанаГУ «Аппарат акима города Астана»
Астанада есірткінің алдын алуға арналған қалалық байқау өтіп жатыр

Астанада есірткінің алдын алуға арналған қалалық байқау өтіп жатыр

Астанада есірткінің алдын алу мәселесіне арналған «Есірткіге қарсы жаңа көзқарас» қалалық байқауы жарияланды. Байқауға есірткінің алдын алу тақырыбын заманауи және креативті тәсілмен ашатын жұмыс қабылданады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқауға 14 жастан бастап Астана қаласының кез келген тұрғыны қатыса алады. Қатысушылар жеке немесе шығармашылық топ құрамында бақ сынай алады. Кәсіби тәжірибенің болуы талап етілмейді.

Байқау екі номинация бойынша өткізіледі.«Үздік әлеуметтік идея/жоба» номинациясында есірткіні тұтынудың алдын алуға бағытталған әлеуметтік идея, акция, жоба немесе цифрлық шешім ұсынуға болады.

«Үздік креативті медиаконтент» номинациясына Reels, TikTok, Shorts форматындағы бейнероликтер, әлеуметтік плакаттар, баннерлер, инфографика және анимациялық жұмыс қабылданады. Бұл номинацияда жасанды интеллект құралдарын пайдалануға да болады.

Әр номинация бойынша жеңімпаздарға:• 1-орын – 100 мың теңге;• 2-орын – 50 мың теңге;• 3-орын – естелік сыйлық табысталады.

Жұмыстарды қабылдау 22 қыркүйекте басталып, 20 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 23:59-да аяқталады.Байқауға қатысу үшін үміткер номинацияны таңдап, өтінімді толтырып, өз жұмысын дайындауы қажет. Дайын материалдар sotskz@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі.

Электрондық хаттың тақырыбында «БАЙҚАУҒА ӨТІНІМ: ҚАТЫСУШЫНЫҢ АТЫ-ЖӨНІ» деген белгі көрсетілуі тиіс.Байқауға қатысу және оның шарттары бойынша қосымша ақпаратты +7 707 746 4760 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Астанада есірткінің алдын алу мәселесіне арналған «Есірткіге қарсы жаңа көзқарас» қалалық байқауы жарияланды. Байқауға есірткінің алдын алу тақырыбын заманауи және креативті тәсілмен ашатын жұмыс қабылданады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқауға 14 жастан бастап Астана қаласының кез келген тұрғыны қатыса алады. Қатысушылар жеке немесе шығармашылық топ құрамында бақ сынай алады. Кәсіби тәжірибенің болуы талап етілмейді.

Байқау екі номинация бойынша өткізіледі.«Үздік әлеуметтік идея/жоба» номинациясында есірткіні тұтынудың алдын алуға бағытталған әлеуметтік идея, акция, жоба немесе цифрлық шешім ұсынуға болады.

«Үздік креативті медиаконтент» номинациясына Reels, TikTok, Shorts форматындағы бейнероликтер, әлеуметтік плакаттар, баннерлер, инфографика және анимациялық жұмыс қабылданады. Бұл номинацияда жасанды интеллект құралдарын пайдалануға да болады.

Әр номинация бойынша жеңімпаздарға:• 1-орын – 100 мың теңге;• 2-орын – 50 мың теңге;• 3-орын – естелік сыйлық табысталады.

Жұмыстарды қабылдау 22 қыркүйекте басталып, 20 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 23:59-да аяқталады.Байқауға қатысу үшін үміткер номинацияны таңдап, өтінімді толтырып, өз жұмысын дайындауы қажет. Дайын материалдар sotskz@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі.

Электрондық хаттың тақырыбында «БАЙҚАУҒА ӨТІНІМ: ҚАТЫСУШЫНЫҢ АТЫ-ЖӨНІ» деген белгі көрсетілуі тиіс.Байқауға қатысу және оның шарттары бойынша қосымша ақпаратты +7 707 746 4760 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

Еще новости региона