Астанада грек-рим күресінен турнир өтіп жатыр
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл және қазақтың «қара майоры» атанған Борис Керімбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен турнир өтіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Аспан» спорт кешенінде 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында алғаш рет республикалық бәсеке ұйымдастырылып жатыр.
2024 жылдың алғашқы ірі додасына еліміздің 12 облысынан 250-ге жуық балуан сынға түсіп жатыр. Атап айтсақ: Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, СҚО, ШҚО және Алматы мен Астана қаласы.
«Сіздер үшін осындай турнирлер тәжірибе жинауға керемет мүмкіндік болмақ. Бұйырса, сіздер алдағы уақытта ересектер арасында өтетін республикалық жарыстарда бақ сынайтын боласыздар.
Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаев секілді сіздер де елдеріңіздің патриоты болып, елін қорғайтын батыр азамат болатындарыңызға сенемін.
Осы сәтті пайдалана отырып, 2024 жылы Париж Олимпиадасында жүлдеге таласатын жерлестерімізге жеңіс тілеймін!» – деді жарыстың ашылу салтанатына арнайы келген ҚР грек-рим, еркін, әйелдер күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы турнир алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтіп, жыл күнтізбесіне кіргізілетін болады.
Айта кетейік, жарыста 45, 48, 51, 55, 60, 65, 71, 80, 92, 110 келі салмақ бойынша жеңімпаздар анықталады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -