Астанада көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды: Город Астана, 22 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

Астанада көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

11:30 cегодня - 22 Августа 2026 года 4 Город АстанаГУ «Аппарат акима города Астана»
Астанада көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Астанада көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Астанада көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Астанада көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Астанада көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Астанада көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Астанада көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Астанада көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Астананың екі ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды. Нұра және Алматы аудандарында барлығы 32 көпбалалы ана мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұра ауданында сегіз анаға награда берілді. Олардың төртеуіне «Алтын алқа», тағы төртеуіне «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды.

Алматы ауданында елдің демографиялық дамуына және отбасылық құндылықтарды нығайтуға елеулі үлес қосқан 24 көпбалалы анаға арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Оның ішінде жеті ана «Алтын алқа», 17 ана «Күміс алқа» төсбелгісінің иегері атанды.

Салтанатты жиындарда аналардың қоғамдағы маңызды рөліне ерекше мән берілді. Ана еңбегі – шексіз мейірім мен сабырды, бар күш-жігерді талап ететін күнделікті үлкен жауапкершілік. Отбасындағы жылулық пен татулықтың сақталуына, ұрпақтар сабақтастығының жалғасуына да аналардың қосар үлесі зор.

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» төсбелгілері – көпбалалы аналардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесіне мемлекет тарапынан көрсетілген құрмет пен ризашылықтың айрықша белгісі.Айта кетейік, «Күміс алқа» төсбелгісі алты бала туып, тәрбиелеп өсірген аналарға, ал «Алтын алқа» жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға табысталады.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Астананың екі ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды. Нұра және Алматы аудандарында барлығы 32 көпбалалы ана мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұра ауданында сегіз анаға награда берілді. Олардың төртеуіне «Алтын алқа», тағы төртеуіне «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды.

Алматы ауданында елдің демографиялық дамуына және отбасылық құндылықтарды нығайтуға елеулі үлес қосқан 24 көпбалалы анаға арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Оның ішінде жеті ана «Алтын алқа», 17 ана «Күміс алқа» төсбелгісінің иегері атанды.

Салтанатты жиындарда аналардың қоғамдағы маңызды рөліне ерекше мән берілді. Ана еңбегі – шексіз мейірім мен сабырды, бар күш-жігерді талап ететін күнделікті үлкен жауапкершілік. Отбасындағы жылулық пен татулықтың сақталуына, ұрпақтар сабақтастығының жалғасуына да аналардың қосар үлесі зор.

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» төсбелгілері – көпбалалы аналардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесіне мемлекет тарапынан көрсетілген құрмет пен ризашылықтың айрықша белгісі.Айта кетейік, «Күміс алқа» төсбелгісі алты бала туып, тәрбиелеп өсірген аналарға, ал «Алтын алқа» жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға табысталады.

Еще новости региона