Астанада Қорғалжын тасжолы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
Астанада Қорғалжын тасжолының «Рубеж» бекетінен №128 көшеге дейінгі аралықта орташа жол жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 8 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -






