Астаналық ұстаздар Абай әндерін орындап, тағылымды челлендж бастады
Астана қаласының Білім басқармасы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, 10 тамызда тағылымды челлендж бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталған бастамаға «TANYM» көпфункционалды кешенінің педагогтері қатысып, Абайдың өлеңдері мен әндерін орындау арқылы ұлы ойшылдың мұрасын насихаттауда. Челлендждің мақсаты – өскелең ұрпақтың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Білім беру ұйымдарының педагогтері бұл игі бастаманы қолдап, әлеуметтік желілерде Абайдың шығармаларын орындау эстафетасын жалғастырып жатыр.
#АбайКүні #AbaiDay
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -









