Қауіп-қатер туындаған жағдайдағы алғашқы әрекеттер
Ағымдағы жылдың ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен Жезқазған қаласы «Жезқазған-Эйр» АҚ халықаралық әуежайы ғимаратында, қауіп-қатер туындаған жағдайдағы алғашқы әрекеттер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
Оған, әуежайдың барлық қызметкерлері, ҰҚК ШҚ «Жезқазған» шекара бақылау бөлімшесі және Желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылды.
Іс-шараның мақсаты, «Жезқазған-Эйр» АҚ халықаралық әуежайындағы жағдайдың тұрақсызданған кезіндегі алғашқы әрекет ету күштерінің өзектілігін және дайындық деңгейін арттыру.
Жиын барысында, әуежай қызметтерінің террористік акт жасалған кездегі, оның ішінде кепілге алынғандар, жарылғыш құрылғыларды табу, қарулы шабуыл, химиялық қауіпті және улы заттарды қолдануға және т.б. қауіп-қатер туындаған жағдайдағы алғашқы әрекеттер мен құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылының тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Қосымша, ҰҚК ТҚО Штабымен әзірленген «Терроризм актісін жасау қауіп-қатері не болмаса жасалған кезде күзет қызметі субъектілерінің алғашқы әрекет ету Алгоритмі» жеткізілді.
Сонымен қатар, Полиция департаменті ЖҚАЖ психолог-инспекторының қатысуымен әуежай қызметкерлері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кепілге алынғандарды ұстау кезіндегі іс-әрекеттері мен мінез-құлқының тәртібі туралы түсініктемелер берілді.
ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаменті
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -






