Қауіпсіздік мәселесіне арналған дәріс
ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталығы бөлімі террористік тұрғыдан осал объектілер болып табылатын нысандардың өкілдеріне дәріс сабағын өткізі.
Аталған іс-шараға «Ziyatker» интеллектуалдық жеке мектебінің, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысындағы өкілдері, ҚР Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік мекемесінің қалалық және аудандық бөлімінің басшылығы мен персоналы қатысты.
Дәріс барысында сала бойынша жаңадан қабылданған нұсқаулықтардың талаптары жеткізіліп, ТТО объектілердің инженерлік-техникалық қамтамасыз етілуі жайында сөз қозғалды.
Тыңдаушылардың теориялық білім деңгейін жоғарылату мақсатында «Террористік сипаттағы хабарлама алған кездегі алғашқы ден қою» алгоритмі бойынша дайындалған бейнематериалдар көрсетілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ТТО объектілердің басшылығына нысандардың қорғалу деңгейін күшейту бағытында бірнеше нұсқаулар берілді.
Материал ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша
департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
________________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -