Қауіпсіздік – ортақ міндет: Алматыда сауда нысандарына арналған оқыту өтті
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде терроризмге осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған семинар-инструктаж өтті.Алматы қаласының ТҚО бөлімінің қызметкерлерімен қаладағы терроризмге осал нысандардың антитеррористік тұрғыдан қорғалу деңгейін арттыру мақсатында сауда үйлерінің басшыларымен семинар өткізілді.Іс-шара барысында қатысушыларға қазіргі таңдағы террористік сипаттағы қауіптер, төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмі, сондай-ақ нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басшылар мен қызметкерлердің міндеттері егжей-тегжейлі түсіндірілді.Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау, уақытылы хабарлау және ықтимал террористік қауіптердің алдын алу шараларын қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Мұндай іс-шаралар террористік сипаттағы қауіптерге ден қоюдың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға және нысандардың ықтимал қауіп-қатерлерге дайындығын арттыруға бағытталған.
Материал Алматы қаласы бойынша ҚР ҰҚК
ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -






