Қауіптің алдын ал!
Сайрам ауданы «Ақсукент гуманитарлық техникалық колледжінің» ұжымына және білім алушыларына қатысты «Экстремизм мен терроризмге қарсы қарулан!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге облыстық білім басқармасының мамандары, терроризмге қарсы комиссиясының және ақпараттық насихаттық топ мүшелері қатысты.
Шараның мақсаты – колледж студенттерінің экстремизм мен терроризмге қатысты құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыру, теріс идеологиялардың алдын алу жолдарын түсіндіру, жалған ақпарат пен арандатушы материалдардан сақтану мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайту болып табылады.
Жиын барысында мамандар терроризмнің мәні, түрлері және белгілері жөнінде баяндап, төтенше жағдай орын алған кезде дұрыс әрекет ету алгоритмін түсіндірді.
Әлеуметтік желілерде жасырын әрекет ететін парақшалардың белгілері, арандатушы сипаттағы жазбалар мен қауіпті контенттерді ажырату жолдары туралы ақпарат берілді.
Кездесуге арнайы шақырылған мамандар жеке жауапкершілік туралы айтып, экстремистік және террористік ұйымдардың арбауынан сақ болуға шақырды.
Шара аясында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған интерактивті сұрақ-жауап, шағын бейнематериал көрсету және пікір алмасу жүргізілді. Бұл студенттердің тақырыпты терең түсуіне әсер етеді.
Кездесу соңында қатысушыларға әр уақытта өздерінің сыни ойлау қабілетін дамытып, сенімді дереккөздерді пайдалану және кез-келген ақпаратты алу барысында сүзгіден өткізу қажеттігі жеткізілді.
Кездесуге 300-ден астам колледж ұжымы мен студенттері қатысты
Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -








