Аудандардағы іс-сапар жалғасын тапты
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» КММ-нің қызметкері Ғ.Мүсірепов ауданының тәртіп сақшыларымен профилактикалық іс-шара өткізді.
Ауданның құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы Дін саласындағы заңнамасының негізгі қағидаттары және жастарды экстремистік және террористік қызметке тарту технологиялары» тақырыбында лекция оқылды. Сондай-ақ теолог маман Н.Беков Діни бірлестіктер заңнамасын, Зайырлы мемлекеттің діни қағидаттарын, жат ағымның қоғамға тигізіп жатқан зиянын тәртіп сақшыларына түсіндіріп берді.
Экстремизм және терроризм ұғымдары, мәні, көріністер формасын жекелей түсіндіріліп, қоғам арасында кереғар діни ағымдардың рөлі, олардың белгілері мен сөз және іс – әрекеттері туралы мәлімет берілді.
Аталмыш жиындардың басты мақсаты – қызметкерлер арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризмге жол бермеу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сөз соңында спикер кибералаяқтық туралы да тілге тиегі етті, ал тыңдаушылар болса өз кезегінде дін мәселелері бойынша сарапшыларға сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
Материал СҚО Терроризмге қарсы комиссия
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -