Қазақстандық оқушылар "Жас жол инспекторлары" халықаралық байқауында жүлдегер атанды: Город Астана, 24 Июля 2025 года - новости на сайте gurk.kz

Қазақстандық оқушылар "Жас жол инспекторлары" халықаралық байқауында жүлдегер атанды

Қазақстандық оқушылар

Қазақстандық оқушылар "Жас жол инспекторлары" халықаралық байқауында жүлдегер атанды

Жас жол инспекторлары" халықаралық байқауы Тәжікстанда өтті.

Байқауға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан және Беларусь елдерінің командалары қатысты.

Байқаудың мақсаты – жасөспірімдерді құқықтық тұрғыдан тәрбиелеу және оларға жол жүрісі қағидаларын үйрету. Сайыс 15–20 шілде аралығында Тәжікстанның Соғды облысындағы Гулистон қаласында ТМД елдерінің жас жол инспекторларының ІІІ Мемлекетаралық слеті аясында өтті.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Беларусь командасы иеленсе, екінші орынды қазақстандық оқушылар жеңіп алды. Халықаралық аренада еліміздің намысын Ақтау қаласындағы №8 жалпы білім беретін мектептің жас жол инспекторлары қорғады.

Қазақстандық команда жоғары дайындық деңгейін, терең білімін және мықты командалық рухын көрсетті.

Источник: Министерство внутренних дел Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Жас жол инспекторлары" халықаралық байқауы Тәжікстанда өтті.

Байқауға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан және Беларусь елдерінің командалары қатысты.

Байқаудың мақсаты – жасөспірімдерді құқықтық тұрғыдан тәрбиелеу және оларға жол жүрісі қағидаларын үйрету. Сайыс 15–20 шілде аралығында Тәжікстанның Соғды облысындағы Гулистон қаласында ТМД елдерінің жас жол инспекторларының ІІІ Мемлекетаралық слеті аясында өтті.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Беларусь командасы иеленсе, екінші орынды қазақстандық оқушылар жеңіп алды. Халықаралық аренада еліміздің намысын Ақтау қаласындағы №8 жалпы білім беретін мектептің жас жол инспекторлары қорғады.

Қазақстандық команда жоғары дайындық деңгейін, терең білімін және мықты командалық рухын көрсетті.

Еще новости региона