Бүгін 23 мамыр көрнекті ғалым, кеңестік және қазақстандық археолог, отандық археология мектебінің негізін салушы, тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышұлы Ақышевтің (1923-2003) 100 жылдық мерейтойы.: Город Астана, 24 Мая 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Бүгін 23 мамыр көрнекті ғалым, кеңестік және қазақстандық археолог, отандық археология мектебінің негізін салушы, тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышұлы Ақышевтің (1923-2003) 100 жылдық мерейтойы.

Бүгін 23 мамыр көрнекті ғалым, кеңестік және қазақстандық археолог, отандық археология мектебінің негізін салушы, тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышұлы Ақышевтің (1923-2003) 100 жылдық мерейтойы.

Бүгін 23 мамыр көрнекті ғалым, кеңестік және қазақстандық археолог, отандық археология мектебінің негізін салушы, тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышұлы Ақышевтің (1923-2003) 100 жылдық мерейтойы.

     Кемел Ақышев КСРО тұңғыш рет жарияланған «Қазақстан археологиялық картасы» (Алматы, 1960) жобасының авторы және жетекшісі. Кемел Ақышевтің археологиялық ғылыми-зерттеушілік жұмыстары әлемге Қазақстан сақтарының бай және өзіндік мәдениетін паш етті. Есіктегі «Алтын адам» ХХ ғасырда жасалған әлемдік археологиялық ашылым болды. Ол сондай-ақ, Қазақстанда көне өркениеттердің дамуына қатысты жаңаша көзқарастарды қалыптастырды.

     Кемел Ақышев бірқатар еңбектердің авторы. Ол 10 аса монографиялық еңбектің және Алматы, Мәскеу. Ленинград, Германия, Жапония, АҚШ, Италия мен Венгрияда жарияланған 200-ден аса ғылыми мақала авторы.

     Кемел Ақышұлы – кең диапазонды зерттеуші. Оның ғылыми қызығушылығы тек ежелгі Қазақстан тарихымен ғана шектелмеді. Ғалымның ғылыми қызығушылығы ортағасырлық ескерткіштерді, палеоэтнография және архитектураны сияқты жан-жақты өткен тарихымыздың ақтаңдақтарын қамтиды. Ол кісінің Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеуде еңбегі зор. 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясын ұйымдастырады. Экспедицияның басты зерттеу нысандары –   Отырар алқабы және Қазақстанның оңтүстік өңірлері. Экспедиция жұмысы нәтижесінде Қазақстанның ортағасырлық қалалық мәдениетін сипаттайтын жәдігерлер табылды. Отандық археологияда жаңа соңғы ортағасыр археология бағыты қалыптасып дамыды. 1997-2003 жылдары Есіл кешенді археологиялық экспедициясын басқарды. Экспедиция жұмысының басты міндеті Астана қаласының іргесіндегі Бозоқ қалажұртын «Еуразияның далалық өркениеті» тұжырымдасының аясында зерттеу болды. Кимал Ақышевтің ғылыми ұйымдастырушы және жас мамандарды даярлау ісіндегі басты жетістігі деп ғалымның Отандық археологиялық мектептің негізін қалағандығын және шәкірттерінің кандидат, доктор болғандығын атап өтуге болады. Отанымыздың тарихы мен ғылымдағы жетістігіміздің насихаттаушысы болған ғалым Қазақстанды Лейпцигте, Каирде, Токиода және Хельсинкида өткен көрмелерде таныстырды.



Источник: Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
<p>     Кемел Ақышев КСРО тұңғыш рет жарияланған «Қазақстан археологиялық картасы» (Алматы, 1960) жобасының авторы және жетекшісі. Кемел Ақышевтің археологиялық ғылыми-зерттеушілік жұмыстары әлемге Қазақстан сақтарының бай және өзіндік мәдениетін паш етті. Есіктегі «Алтын адам» ХХ ғасырда жасалған әлемдік археологиялық ашылым болды. Ол сондай-ақ, Қазақстанда көне өркениеттердің дамуына қатысты жаңаша көзқарастарды қалыптастырды.</p> <p>     Кемел Ақышев бірқатар еңбектердің авторы. Ол 10 аса монографиялық еңбектің және Алматы, Мәскеу. Ленинград, Германия, Жапония, АҚШ, Италия мен Венгрияда жарияланған 200-ден аса ғылыми мақала авторы.</p> <p>     Кемел Ақышұлы – кең диапазонды зерттеуші. Оның ғылыми қызығушылығы тек ежелгі Қазақстан тарихымен ғана шектелмеді. Ғалымның ғылыми қызығушылығы ортағасырлық ескерткіштерді, палеоэтнография және архитектураны сияқты жан-жақты өткен тарихымыздың ақтаңдақтарын қамтиды. Ол кісінің Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеуде еңбегі зор. 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясын ұйымдастырады. Экспедицияның басты зерттеу нысандары –   Отырар алқабы және Қазақстанның оңтүстік өңірлері. Экспедиция жұмысы нәтижесінде Қазақстанның ортағасырлық қалалық мәдениетін сипаттайтын жәдігерлер табылды. Отандық археологияда жаңа соңғы ортағасыр археология бағыты қалыптасып дамыды. 1997-2003 жылдары Есіл кешенді археологиялық экспедициясын басқарды. Экспедиция жұмысының басты міндеті Астана қаласының іргесіндегі Бозоқ қалажұртын «Еуразияның далалық өркениеті» тұжырымдасының аясында зерттеу болды. Кимал Ақышевтің ғылыми ұйымдастырушы және жас мамандарды даярлау ісіндегі басты жетістігі деп ғалымның Отандық археологиялық мектептің негізін қалағандығын және шәкірттерінің кандидат, доктор болғандығын атап өтуге болады. Отанымыздың тарихы мен ғылымдағы жетістігіміздің насихаттаушысы болған ғалым Қазақстанды Лейпцигте, Каирде, Токиода және Хельсинкида өткен көрмелерде таныстырды.</p>

Еще новости региона