Біліктілікті арттыру – нәтижеге жасалған бір қадам
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Жетісу облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.
Талдықорған қ. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша мамандардың біліктілігін арттыруға, діни экстремизм мен терроризмді алдын алуға бағытталған іс-шара өтті. 112 адамды қамтыған шараға «Дін зерттеу орталығының», жергілікті мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – дінтану маманы Т.Ө.Талдыбаев және Нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог М.Ш.Сейтқали дәріс жүргізді.
Т.Талдыбаев тарапынан «Әлеуметтік желіде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы» тақырыбымен қатысушыларға ғаламтор арқылы жас өркеннің бойына тәрбиелік мәні зор дүниелерді сіңіре білу мүмкіндігін қамтамасыз ету, қазіргі уақытта жамағатпен байланысты әлеуметтік желі арқылы орнатудың маңыздылығы түсіндірілді.
М.Сейтқали алдын алу жұмыстарына жұмылдырылатын мамандарға психологиялық тұрғыда «Тиімділігі жоғары адамдардың дағдылары» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады.
Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.
Оқу курсын аяқтаған мамандарға арнайы сертификаттар табысталды.
Материал Жетісу облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -