Білім мен тәрбие – терроризмге қарсы басты құрал: Город Астана, 24 Октября 2025 года - новости на сайте gurk.kz

Білім мен тәрбие – терроризмге қарсы басты құрал

Білім мен тәрбие – терроризмге қарсы басты құрал

Білім мен тәрбие – терроризмге қарсы басты құрал

Білім мен тәрбие – терроризмге қарсы басты құрал

Білім мен тәрбие – терроризмге қарсы басты құрал

Шардара ауданында орналасқан жайлы мектебінің білім алушыларына «Білім мен тәрбие – терроризмге қарсы басты құрал» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шараға аудандық ақпараттық түсіндіру тобының және аудандық Терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.  Іс-шараның басты мақсаты – білім беру мекемелерінде экстремизм мен терроризм профилактикасын күшейту, олардың қоғамға тигізетін зияны туралы танымын кеңейту және алдын алу жолдарын насихаттау болып табылады. Жиын барысында мамандар экстремизм мен терроризмнің мәні, олардың қоғам тыныштығына, ұлттық бірлікке және жастар тәрбиесіне тигізетін кері ықпалдары туралы айтылды.  Экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы құқықтық нормалар, ақпараттық қауіпсіздік ережелері және әлеуметтік желілерде сақтықпен әрекет ету қажеттілігі кеңінен баяндалды. Оқушыларға экстремистік және террористік сипаттағы материалдарды анықтау жолдары, сондай-ақ күмәнді контенттерден сақтанудың қарапайым тәсілдері үйретілді. Сонымен қатар, оқушыларға күдікті жағдай туындаған кезде қандай әрекеттер жасау керектігі, қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдары және құқық қорғау органдарына жедел хабар беру тетіктері түсіндірілді. Қоғамдағы экстремистік және террористік топтардың белгілері мен қауіптілігі, олардың заңсыз әрекеттеріне араласудың құқықтық жауапкершілігі және қауіпсіздік шаралары туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қызықтырған сұрақтары қойылып, мамандар тарапынан жауаптар берілді. Кездесуге барлығы 100-ге жуық оқушылар қатысты.        Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
Шардара ауданында орналасқан жайлы мектебінің білім алушыларына «Білім мен тәрбие – терроризмге қарсы басты құрал» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шараға аудандық ақпараттық түсіндіру тобының және аудандық Терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.  Іс-шараның басты мақсаты – білім беру мекемелерінде экстремизм мен терроризм профилактикасын күшейту, олардың қоғамға тигізетін зияны туралы танымын кеңейту және алдын алу жолдарын насихаттау болып табылады. Жиын барысында мамандар экстремизм мен терроризмнің мәні, олардың қоғам тыныштығына, ұлттық бірлікке және жастар тәрбиесіне тигізетін кері ықпалдары туралы айтылды.  Экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы құқықтық нормалар, ақпараттық қауіпсіздік ережелері және әлеуметтік желілерде сақтықпен әрекет ету қажеттілігі кеңінен баяндалды. Оқушыларға экстремистік және террористік сипаттағы материалдарды анықтау жолдары, сондай-ақ күмәнді контенттерден сақтанудың қарапайым тәсілдері үйретілді. Сонымен қатар, оқушыларға күдікті жағдай туындаған кезде қандай әрекеттер жасау керектігі, қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдары және құқық қорғау органдарына жедел хабар беру тетіктері түсіндірілді. Қоғамдағы экстремистік және террористік топтардың белгілері мен қауіптілігі, олардың заңсыз әрекеттеріне араласудың құқықтық жауапкершілігі және қауіпсіздік шаралары туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қызықтырған сұрақтары қойылып, мамандар тарапынан жауаптар берілді. Кездесуге барлығы 100-ге жуық оқушылар қатысты.        <b>Материал Түркістан облысы бойынша </b> <b>ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды</b>

Еще новости региона