БҚО әкімі су тасқынының алдын алуды тапсырды
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде кеңейтілген жиын өтті. Өңір басшысы ауа райының құбылмалылығын, ылғалдың мол болуын айтып, көктемгі су тасқынының алдын алуға ертерек дайындалу қажеттігін айтты.
Осы орайда облыс көлемінде су тасқынына дайындық деңгейі облыс орталығында және аудандарда қалай жүзеге асып жатқандығы жөнінде БҚО ТЖД басшылығы баяндама жасады.
«Кешенді жоспардың 166 шарасы бойынша 700 млн теңгеге 133 іс-шара орындалды, әкімдіктер 210 млн теңгеге 100-ден астам жабдықтар мен арнайы техникалар сатып алды. Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттерін орнату, су қоймасын жөндеу, қажетті жабдықтарды сатып алу секілді қалған 33 шара бойынша жұмыстар жалғасуда, - деді БҚО ТЖД бастығының орынбасары Р.Б. Блялов.
Сонымен қатар, жиын барысында алдағы уақытқа арналған ауа райы болжамы, су қоймаларын тиімді пайдалану жөнінде баяндамалар жасалып, Бөрлі, Казталов аудандарының әкімдері мен Орал қаласы әкімінің орынбасары көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев орынбасарларына арнайы комиссия құрып, су тасқыны болуы мүмкін мекендерді аралап, су қоймаларын, құбырларын тексеруді тапсырды. Сонымен қатар, өңір басшысы қаңтар-ақпан айларын тиімді пайдаланып, қар тазалау, құбырларды тазарту бойынша жұмыс жүргізуді жүктеді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -