БҚО терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының журналистер пулының қатысуымен жылдық қорытынды жиыны өткізілді
Облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының журналистер пулының қатысуымен жылдық қорытынды жиыны өткізілді. Іс-шарада діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағыттағы профилактикалық жұмыстардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жүргізілуі және ресми ақпарат көздерін тарату маңыздылығы түсіндірілді.
Қатысушыларға облыстық жедел штабтың қызметі және жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Республика бойынша басқа облыстардың журналистері дайындаған материалдарға шолу жүргізіліп, оң тәжірибе ескерілді.
Іс-шара барысында, журналистер пулының мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, оның шешу жолдары талқыланды. Алдағы уақытта облыстық жедел штабының тарапынан өткізілетін оқу-жаттығулар бойынша ақпараттарды дайындауда журналистер пулы белсенді қатысатындарын жеткізді.
Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -












