Біздің жастар – терроризмге қарсы!: Город Астана, 03 Апреля 2025 года - новости на сайте gurk.kz

Біздің жастар – терроризмге қарсы!

Біздің жастар – терроризмге қарсы!

Біздің жастар – терроризмге қарсы!

Қазіргі таңда терроризм мен экстремизм бүкіл әлем бойынша өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, жастардың радикалды идеологияның ықпалына түсуінің алдын алу маңызды.

Осыған орай, Қызылорда облысында жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында кешенді іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылуда.

Жыл басынан бері аймақта жастардың діни сауаттылығын арттыру және оларды радикалды идеологиядан қорғау мақсатында түрлі кездесулер, семинарлар мен түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен мектептер мен колледждерде арнайы іс-шаралар қолға алынды. Бұл кездесулерде экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, оның қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат беріліп, жастардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал жасалуда.

Сонымен қатар, шетелде діни білім алудың қаупі және отандық діни білім беру орындарының артықшылықтары туралы үнпарақтар әзірленіп, білім беру ұйымдарында таратылды. Бұл жастардың дұрыс ақпарат алуына және теріс ағымдардың ықпалына түспеуіне көмектеседі.

Сондай-ақ, жұмыссыз жастармен және пробация есебінде тұрған жастармен арнайы кездесулер ұйымдастырылып, дін саласындағы мемлекеттік саясат түсіндірілуде. Бұл шаралар олардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға өз септігін тигізуде.

Атқарылған іс-шаралар жастарды терроризмге қарсы күресте белсенділік танытуға шақырып, ұлттық құндылықтар мен бейбітшілік идеясын қолдауына ықпал етуде.

Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Қазіргі таңда терроризм мен экстремизм бүкіл әлем бойынша өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, жастардың радикалды идеологияның ықпалына түсуінің алдын алу маңызды.

Осыған орай, Қызылорда облысында жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында кешенді іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылуда.

Жыл басынан бері аймақта жастардың діни сауаттылығын арттыру және оларды радикалды идеологиядан қорғау мақсатында түрлі кездесулер, семинарлар мен түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен мектептер мен колледждерде арнайы іс-шаралар қолға алынды. Бұл кездесулерде экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, оның қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат беріліп, жастардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал жасалуда.

Сонымен қатар, шетелде діни білім алудың қаупі және отандық діни білім беру орындарының артықшылықтары туралы үнпарақтар әзірленіп, білім беру ұйымдарында таратылды. Бұл жастардың дұрыс ақпарат алуына және теріс ағымдардың ықпалына түспеуіне көмектеседі.

Сондай-ақ, жұмыссыз жастармен және пробация есебінде тұрған жастармен арнайы кездесулер ұйымдастырылып, дін саласындағы мемлекеттік саясат түсіндірілуде. Бұл шаралар олардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға өз септігін тигізуде.

Атқарылған іс-шаралар жастарды терроризмге қарсы күресте белсенділік танытуға шақырып, ұлттық құндылықтар мен бейбітшілік идеясын қолдауына ықпал етуде.

Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Еще новости региона