Бағыт-бағдарымызды айқындап берді: Город Астана, 04 Января 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Бағыт-бағдарымызды айқындап берді

Бағыт-бағдарымызды айқындап берді

Бағыт-бағдарымызды айқындап берді

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбайдың  Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбаты жайлы пікірі

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбаты халықты біраздан толғандырып жүрген көкейкесті сұрақтарына берілген нақты әрі жүйелі жауап болды. Келелі сұхбатта Қ.Тоқаев жастар және мемлекеттік қызметшілер тақырыбына арнайы тоқталды.

Бұл мәселе Президенттің ұда­йы наза­рында екені барша­ға бел­гілі. Бұған дейінгі бағдар­ла­малық баян­дамаларында да аталған ба­ғыт жүйелі әрі дәйекті айтылып келе­ді. Осы жолғы сұхбатында да «Мем­лекеттік қызметші қандай бо­луы керек?» деген мәселеге ашық әрі айқын көзқарасын біл­дірді. Пре­зиденттің пікірінше, мем­ле­кет­­тік қызметшілер өзі­не жүк­телген міндетті мінсіз атқаратын кәсіби маман ғана болмауы керек. Олар әрдайым бастамашыл, нақты ісімен елге пайда әкелетін және өзгерістердің өміршеңдігін халыққа көрсете алатын азамат болуы қажет. Сондай-ақ олар білімді-білікті ғана емес, сөзі мен ісі үйлесетін, тиянақты, тәртіпті және арлы адам болуы шарт. Яғни Президент мемлекеттік қызметшілер тек орындаушылар болмауы керек, олар өзгерістердің бастауында тұратын, жауапкершілікті ала алатын бастамашыл тұлғалар болуы керек деп отыр. Сөзі мен ісі үйлесетін арлы адам болу туралы ойы да ерекше маңызға ие. Себебі мемлекеттік қызмет адамға үлкен жауапкершілік жүктейді. Мансап дәрежесіне қарамастан әрбір мемлекеттік қызметші ел дамуына өзіндік үлес қосатын тарихи миссияны арқалап жүргенін шынайы сезіне білуі керек.

Сонымен бірге, Мемлекет бас­шысы өз сұхбатында «еңбек­қор­­лық пен жасампаздық жоға­ры бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құру­ға тиіс екенін» айта келе, бі­лім­­­паз­дық, кәсібилік, бірлік, ын­ты­мақ, жанашырлық, іскер­лік, бас­тамашылдық, адалдық, қарапа­йым­дылық және үнемшілдік – нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен құндылықтар екенін нақты көрсетіп берді. Бұл елдікті нығайтудың алғы шебінде жүрген мемлекеттік қызметшілерге де қойылар ерекше талап екені анық. «Барлық деңгейдегі шенеуніктер мен басшылар қоғамның тамырын тап баса білуге, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап-түсінуге, соған сәйкес дер кезінде нәтижелі шаралар қабылдауға және дұрыс шешім шығаруға қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлердің тұлғалық болмысына тән басты талап – «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағи­датты берік ұстану екенін айт­ты. Ең бастысы, олардың ха­лық­қа жақын болуы керектігіне назар аудартады.

Президенттің «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидасы жаңа форма­ция­­дағы мемлекеттік қызмет­ші­­лердің негізгі ұстанымына айналуға тиіс.  Себебі елімізде қалып­­тасып жатқан жаңа басқару мәде­ниеті «Ең алдымен адамдар» қағидатына негізделеді.  Бұл ретте Мемлекеттік қызмет істе­рі агент­тігі мемлекеттік қызмет­ші­лердің кәсі­би-тұлғалық жетілуі ба­ғытын­дағы жұмыстарды тұрақ­ты жүр­гізіп келеді. Алдағы уақытта Пре­­зи­денттің мемлекеттік қыз­мет­­шілерге қатысты айтқан тұжы­рым­ды бағыттарын қызмет­кер­лер­ді оқыту, қайта даярлау, білік­тіліктерін арттыру барысында жан-жақты қолданатын боламыз.

Мемлекет басшысы сұхбатын­да атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарында жастардың қызмет етуіне жол ашатын кешенді шаралар қабылданғанына тоқталған. Биыл Президенттің тікелей бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеу өткі­зілді. Президенттік жастар кадр резерві мемлекеттік қызмет­ке талантты жастарды тартуды көз­дейді. Мемлекет басшысы бел­гілеп бергендей, дарынды, білік­ті жастарды елге қызмет ету­ге тарту, жұмылдыру, атсалыс­тыру. Осы жолы мемлекеттік аппарат­тың салалық кадрларға қажет­тілігін ескеріп, мақсатты ірік­теу өткізілді. Нәтижесінде, 50 адам резервке алынды. Бұл – еліміз­де кадр саясаты ашық әрі әділ жүргізіліп отырғанының көрінісі.

Бір сөзбен айтқанда, сұхбат қоғамда қалыптасқан түйткілді сұрақтарға нүкте қойып, оған қоса, еліміз дамуының алдағы жоспарларына да қатысты бағыт-бағдарды айқындауымен құнды болып отыр.

Дереккөз: Егемен Қазақстан

Источник: Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона