Басты мақсат - алдын алу
Петропавл қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жалғастыруда.
Сарапшылар Велоспорт бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде және И.Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінде маңызды кездесу өткізді.
Басты мақсат – спорт мекемелерінің оқушылары мен студенттері арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризмге жол бермеу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Іс-шаралар барысында «Дін саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының негізгі қағидаттары» және «Жастарды террористік және экстремистік қызметке тарту технологиялары» тақырыптары талқыланды.
Сондай-ақ кибер алаяқтықтың түрлері туралы қосымша ақпарат айтылды. Барлық туындаған сұрақтарға спикерлер толық түсініктеме берді.
Материал Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
ҰҚК департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -