Бейбіт Исабаев Ақсу ауданының тұрғындарымен кездесті: Область Жетісу, 27 Сентября 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Бейбіт Исабаев Ақсу ауданының тұрғындарымен кездесті

Жалпы Жетісу облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 519,0 мың гектарды құраса, Ақсу ауданында 62,3 мың гектар немесе облыстағы үлесі 12%. Қазір ауданда бидай мен арпа толық жиналып, 44 мың тонна өнім алынды. Сонымен қатар, себілген 2,6 мың га картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының 100% жиналды, 46,3 мың тонна өнім алынды. Аудан бойынша биыл 33 мың тонна тәтті түбір жиналып, Ақсу қант зауытына өткізіледі. Ауданның облыс көлеміндегі көрсеткіші көңіл көншітерлік. Дегенмен олқылықтар да жоқ емес. Бүгін Ақсу ауданының тұрғындарымен кездескен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев осылай деді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысы өз сөзінде ирригациялық желілер мен құрылыстарды салу бағытында ауданда 2 ірі жоба іске асырылып жатқанына тоқталды. Қызылағаш суару массивінің құрылысына биыл республикалық бюджеттен 1,4 млрд.теңге қаражат бөлінді. Жобаға сәйкес ұзындығы 100 шақырымды құрайтын жаңа суару желілерін салу көзделген, оның бүгінгі күнге мердігер «Алматыинжстрой» АҚ 23 шақырымын қазып, 13-не полиэтилен құбырларын төседі. Жалпы бұл жоба 2025 жылға дейін іске асырылатын болады, нәтижесінде 5,3 мың гектар жаңа суармалы жер ауданда айналымға енгізіледі.

Жер мәселесіне ерекше назар аударған Бейбіт Исабаев:

Өткен жылғы сіздермен кездесуде 31,1 мың га жерді пайдаланбай отырған 8 ірі шаруашылықтың жерін қайтаруға тапсырма бергенмін, бүгінгі күні үш ірі шаруашылықтың 24,3 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды. Атап айтқанда, «Байсерке Агро» ЖШС – 15 мың га, «Күреңбел» ЖШС – 7,7 мың га, «Атабаева» ШҚ - 1,6 мың га, қалған жер иелеріне былтыр ескертулер берілді, осы жылдың қазан айында жерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары қабылданатын болады – деді.

Облыс басшысының айтуынша, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің 37,4 мың га конкурс арқылы шаруа қожалықтарға берілген. Жалпы жыл басынан екі конкурс өткізіліп, 57 мың га жер шаруашылықтарға жаңадан табысталды. Қазіргі таңда аудан бойынша ауыл тұрғындарының қосалқы шаруашылықтағы малдарын жаюға 195 мың га жайылымдық жер бекітіліп берілді. Дегенмен жайылымдық жерге әлі де тапшылық бар екенін тілге тиек етіп, облыс әкімі қайтаруға жататын жерлерді, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарып,  қажеттілігі жоғары ауылдарға бөліп беру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

Баяндамада айтылғандай, жыл басынан ауданға 6,4 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге 6 жоба жүзеге асырылған. Ал жылдың аяғына дейін 574 млн. теңгеге тағы 4 жобаны іске асыру көзделген. Сол сияқты «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша аудан тұрғындарынан 306,2 млн. теңгеге 61 өтінім түсіп, оның 28-і қаржыландырылған. Алайда бұл жобалар Бағдарламаның бес бағытының ішінде тек мал басын көбейтуге ғана бағытталып отыр. Сондықтан аудан әкіміне алдағы уақытта басқа да шаштараз, наубайхана, тамақтану орталықтары, басқа да күнделікті тіршіліктің көзіне қажетті салаларда кәсіп ашуға ауыл кәсіпкерлерін бағыттау, түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу  тапсырылды.

Өңірде халықты тұрғын үймен қамтуға да тұрақты көңіл бөлінеді. Қазір ауданда 872 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Мәселен, биыл 50 көп пәтерлі үй мен 10 жеке үй салынып, сол сияқты әлеуметтік осал топтар үшін 30 жеке үй сатып алып пайдалануға беріледі. Ал келер жылы 100 үйдің, яғни 40 жеке үй, 60 пәтердің құрылысы аяқталады. Соның нәтижесінде келесі жылы кезекте тұрғандардың саны 190 адамға немесе 22%-ға азаяды.

Облыс басшысы өз сөзінде аудандағы ауыз су, жол жөндеу, яғни инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін де назардан тыс қалдырған жоқ, Мәселен, осы жылы Ақсу ауданының жергілікті автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына және күтіп ұстауға 2,8 млрд. теңге бөлінді. Қазір облыстық маңызы бар жалпы ұзындығы 63,6 шақырым 5 автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сол сияқты облыс басшысы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларындағы атқарылып жатқан жұмыстарды да назардан тыс қалдырған жоқ. Жалпы ауданда медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 91%.

2023 жыл

ғы 1 қарашаға дейін

ауданға

наркоз-тыныс алу аппараты және операциялық үстел  жеткізіледі. Сол сияқты

2024-2025 жылдары

«А

уылдық денсаулық сақтауды жаңғырту

» Ұ

лттық жобасы аясында Көкжайдақ, Қаракөз,

Ж

аңалық ауылдарында 3 фельдшерлік-акушерлік пункт және Ащыбұлақ ауылында медициналық пункт салынады.

Жалпы, 2022-2023 жылдары ауданға инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды салуға, қайта жаңғыртуға және жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 8,1 млрд. теңге бөлінген.

Осы жиында Бейбіт Исабаев биылғы ақпан айындағы кездесуде аудан тұрғындары көтерген проблемалық мәселелер бойынша атқарылған шараларға тоқталды. Бүгінгі күні 11 сұрақтың 4-і шешімін тапқан. Яғни Жансүгіров ауылының шығыс бөлігінде жаңа құрылыс ауданындағы

4 көшеге жарық шамдары орнатылды, ұзындығы 1,3 шақырым

жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қарасу ауылдық округіне қарасты Тарас ауылының ішкі жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жергілікті бюджеттен 60 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары басталды, қараша айының аяғында толығымен аяқталуы тиіс.

Сол сияқты тұрғындардың өтініші бойынша Жаңалық ауылындағы Жаңатілеу орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан Қапал ауылына көкпар спорт түрінен 1 штат бірлігі бөлінді,  2023 жылдың 1 қыркүйегінен алғашқы дайындық топтарымен жұмыс істеуде. Қалған 7 мәселеге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жиынның алғашқы бөлігін қорытындылаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев:

- Бүгін осы жиынның алдында Ақсу қант зауытына барып шықтым. Қазір онда 21 мың тонна қызылша жиналыпты, қазан айының 5-нен бастап өңдеуді бастайды. Зауыттың іске кірісуі - аудан үшін аса маңызды шара. Сол сияқты өткен жиында аудан әкімдігіне картоп, көкөніс  қоймасын қажеттігін айтқанмын. Біз картоп, көкөністерді қашанғы сырттан тасимыз. Кеш пісетін тұқымдарды сеуіп, өзіміз өсіріп, өз өнімдерімізді пайдалануымыз керек. Біз қандай жұмыс атқарсақ та, қағаздағы көрсеткіштер үшін болмауы тиіс, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін жасалған нақты шаралар көзбен көріп, қолымен ұстағандай айқын көрініп тұруы керек, - деді Б.Исабаев.

Бұдан әрі кездесу залдан берілген сұрақтармен жалғасты. Матай ауылының тұрғыны Қолғанат Самбетов ауылдағы көшені жарықтандыру, жолдарын жөндеу мәселелерін көтерді. Жауаптан белгілі болғандай, көшені жарықтандыру үшін 174 шам алып орнатуға қаржы бөлінген, жұмыстар жалғасуда. Ал 2,1 шақырым жолына ЖСҚ жасалып жатыр.

Сол сияқты Ақсу-Жаңалық тас жолының жөндеуі туралы да сөз қозғаған тұрғынға қазір бұл 2,2 км учаскенің жөндеуінің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатқаны, келесі жылы құрылысы басталатыны түсіндірілді. Аудан тұрғындары сонымен бірге Арасан ауылынан Қапал ауылының бұрылысына дейінгі учаскенің, Матай – Құрақсу жолының да жай-күйін баяндады. Осы проблемалардың шешіміне байланысты облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тапсырмалар берілді.

Ауданық мәслихат депутаты Қ.Әбдірахманов Ақсу қант зауытының базасында қызылша бағытында МТС құрып, арнайы техниканы шоғырландыру туралы ұсынысын жеткізді. Бұл шағын шаруашылықтар үшін үлкен мүмкіндік болар еді дейді депутат. Облыс басшысы бұл ұсыныстың қолдауға лайық екенін айтып, орынбасары Әлібек Жақанбаевқа бұл істің барлық егжей-тегжейін қарастыруды тапсырды.

Жиында Есеболатов, Матай және Арасан ауылдарына мәдениет үйлерінің қажеттігі, Сағабүйен ауылында мал жайылымы үшін жер жетіспейтіні, Жансүгіровтегі Сәтпаев мектебіне күрделі жөндеу қажеттігі т.б. бірқатар мәселелер көтерілді.

Залдан сауал қойған 10 адамның сұрақтарының барлығы назарға алынып, хаттамаға енгізілді. Тиісті облыстық басқармаларға, аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар берілді.

Осы күні облыс басшысы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға кірген 6 азамат негізінен мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу, ауыз су, арық желілерін салу мәселелерін жеткізді. Азаматтарға тұрғын үй беру заңдылығы түсіндіріліп, өзекті мәселелердің шешіміне қатысты тиісті жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона