Бейбіт Исабаев тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді: Область Жетісу, 27 Марта 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Бейбіт Исабаев тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қабылдауға 9 азамат жазылған. Мұнда келген азаматтардың басым бөлігі мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу, тұрғын үйін жекешелендіру туралы мәселелермен жүгінді. Оған қатысты қолданыстағы заңнамалар бойынша түсіндірулер жүргізіліп, мүгедек бала асырап отырған тұрмыс-жағдайы ауыр, үйге мұқтаж отбасыларына заң аясында қолдау шараларын қарастыру тиісті басқармаларға тапсырылды.

Талдықорған қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Жексембай Мейрембаев бірнеше мәселе көтерді. Соның бірі - Талдықорғанды көгалдандырумен айналысатын «Зеленстрой» мекемесінің меншік түрін мемлекеттік коммуналдық мекеме ретінде бекіту. Оның ойынша, бұл қадам қаланың көгалдандырылуына жауап беретін мекеменің тиімді жұмыс істеуі үшін қажет. Осы орайда  облыс әкімі бұл мәселеге қатысты заң аясында қаланың әкімдігі мен қалалық қоғамдық кеңестің өзі бірлесіп шешім қабылдауы керектігін айтты. Сол сияқты балаларға арналған қала сыртындағы демалыс лагері қажеттігі де сөз болды. «Қазір Талдықорғанда 32 мың бала бар. Олардың жазғы демалысы үшін лагерь салынса», - деді Ж. Мейрембаев. Бұл ретте облыстық білім басқармасының басшысы М. Сүлейменовтың айтуынша, облыста оқушыларға арналған 9 жазғы арнайы лагерь бар. Олар жазда толық жұмыс істейтін болады. Талдықорғанның маңына жазғы лагерь салу мәселесіне келсек, әзірге бұл іске ниет танытатын инвесторлар іздестірілуде. Ал қалалық қоғамдық кеңес төрағасының Қаратал өзенінің Мойнақ ауылы тұсында қиыршық тастарды заңсыз алып жатқандарды құрықтау туралы мәселесіне қатысты тиісті жұмыстар атқаруды облыс әкімі полиция органдарына жүктеді.

Қабылдауға келушілер тарапынан айтылған мәселелердің барлығы бақылауға алынып, олардың шешіміне қатысты нақты тапсырмалар берілді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона