Бейбіт өмір басты құндылық: Город Астана, 19 Сентября 2025 года - новости на сайте gurk.kz

Бейбіт өмір басты құндылық

Бейбіт өмір басты құндылық

Бейбіт өмір басты құндылық

Бейбіт өмір басты құндылық

Бейбіт өмір басты құндылық

Созақ аудандық орталық музей қызметкерлеріне «Бейбіт өмір басты құндылық» тақырыбында экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу аудандық Терроризмге қарсы комиссияның үйлестіруімен өткізіліп, ақпараттық насихаттық топ мүшелері де қатыстырылды. Кездесудің мақсаты – музей ұжымының арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын түсіндіру, қызметкерлердің аталған қауіп-қатерлерге қарсы ақпараттық және құқықтық дайындық деңгейін арттыру болып табылады. Кездесу барысында экстремизм мен терроризмнің пайда болу себептері, олардың құрылымдық және тактикалық ерекшеліктері, сондай-ақ бұл құбылыстардың қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсері терең талқыланды. Қатысушыларға экстремизм мен терроризмнің заманауи көрініс формалары, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралу қаупі, жалған ақпарат пен үгіт-насихат әдістері туралы түсіндірілді. Терроризмнің алдын алудағы азаматтық ұстанымның маңыздылығы, күдікті жағдайларда жауапты органдарға жедел хабарлау тетіктері, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы да жеке қарастырылды.  Қызметкерлерге экстремистік және террористік идеологияларға қарсы тұруда ұжымдағы ынтымақтастық пен тәртіптің маңызы ерекше атап өтілді. Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптарын алды.     Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
Созақ аудандық орталық музей қызметкерлеріне «Бейбіт өмір басты құндылық» тақырыбында экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу аудандық Терроризмге қарсы комиссияның үйлестіруімен өткізіліп, ақпараттық насихаттық топ мүшелері де қатыстырылды. Кездесудің мақсаты – музей ұжымының арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын түсіндіру, қызметкерлердің аталған қауіп-қатерлерге қарсы ақпараттық және құқықтық дайындық деңгейін арттыру болып табылады. Кездесу барысында экстремизм мен терроризмнің пайда болу себептері, олардың құрылымдық және тактикалық ерекшеліктері, сондай-ақ бұл құбылыстардың қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсері терең талқыланды. Қатысушыларға экстремизм мен терроризмнің заманауи көрініс формалары, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралу қаупі, жалған ақпарат пен үгіт-насихат әдістері туралы түсіндірілді. Терроризмнің алдын алудағы азаматтық ұстанымның маңыздылығы, күдікті жағдайларда жауапты органдарға жедел хабарлау тетіктері, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы да жеке қарастырылды.  Қызметкерлерге экстремистік және террористік идеологияларға қарсы тұруда ұжымдағы ынтымақтастық пен тәртіптің маңызы ерекше атап өтілді. Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптарын алды.     <b>Материал Түркістан облысы бойынша </b> <b>ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды</b>

Еще новости региона