Бейбит Исабаев провел очередной прием граждан: Область Жетісу, 28 Февраля 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Бейбит Исабаев провел очередной прием граждан

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда оннан астам адамның көтерген мәселелері қаралды. Олардың дені мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй беру, ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу, кітап шығару жайы бойынша жүгінді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, Ескелді ауданы Ақын Сара ауылының тұрғыны Темірхан Шарипов ауыл маңындағы мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді кооперативке беруді сұрайды. Облыс басшысы бұл азаматқа заң бойынша ауыл шаруашылығы жерлері конкурс арқылы берілетіндігін түсіндірді. Ол өз қалауына қарай конкурсқа қатысып, жер ала алады. Егер конкурс барысында жер учаскелеріне ие болған басқа да азаматтар өз пайларымен Т. Шарипов құратын копперативке кіреміз десе, сол азаматтармен бірге жұмыс істеуіне болады.

Қабылдау барысында ескелділік Ержан Жаңажыл Қайнарлы ауылының маңындағы ауыл шаруашылығы жерлеріне байланысты да мәселе көтерді. Бұл ретте Бейбіт Исабаев аудан әкімі Елдос Ахметовке жер конкурсын өткізуде заңдылық талаптарын қатаң сақтауды жеке бақылауға алуды тапсырды.

Көксу ауданының тұрғыны Құлтай Нұрқалбайұлы бірнеше ұсыныс айтты. Ол  биыл Талдықорған облысының құрылғанына 80 жыл болғанын жеткізіп, соған байланысты Жетісу облысының тарихына қатысты кітап дайындалса, оған облысты басқарған басшылар, белгілі қайраткерлер, еңбек сіңірген азаматтар, Еңбек ерлері, Құрметті азаматтары т.б. барлығы енгізілсе, архивтік материалдар басылып шығарылса, Жетісудың картасы жасалса дейді. Бұл жөнінде облыс әкімі Жетісу энциклопедиясын шығару ойда бар екенін, ол жарты жылда немесе бір жылда бітетін шаруа емес, ауқымды іс екенін айтты. «Сіз жеке бастың емес, көптің шаруасын айтып отырсыз. Жақсы идея, біздің де ойымызбен үндесіп жатыр», - деп мәселеге қолдау білдірген облыс басшысы өңір тарихына қатысты жоспарлы түрде ауқымды баспалық дүние жасауды жан-жақты ойластыру керектігін облыстық мәдениет басқармасына тапсырды.

Сол сияқты талдықорғандық ардагер Шеризат Сапарғалиев те өзінің мерейтойына байланысты кітап шығару жөнінде ұсыныс айтты.

Бұдан бөлек тағы бірнеше азамат тұрғын үй мәселесіне қатысты сұрақтарымен келді. Оларға тұрғын үй қатынастары туралы заңнама талаптарына сәйкес тұрғын үй кезек ретімен берілетіні, сол сияқты мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының мүмкіндіктері түсіндірілді.

Жалпы қабылдауда көтерілген мәселелердің барлығына жауап беріліп, өзекті мәселелерге қатысты тиісті мемлекеттік органдар басшыларына тапсырмалар берілді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона