Буллинг пен төтенше жағдай кезінде көмек шақырады: астаналық оқушылар ерекше жоба әзірледі: Город Астана, 11 Сентября 2026 года - новости на сайте gurk.kz

Буллинг пен төтенше жағдай кезінде көмек шақырады: астаналық оқушылар ерекше жоба әзірледі

14:00 cегодня - 11 Сентября 2026 года 3 Город АстанаГУ «Аппарат акима города Астана»
Буллинг пен төтенше жағдай кезінде көмек шақырады: астаналық оқушылар ерекше жоба әзірледі

Буллинг пен төтенше жағдай кезінде көмек шақырады: астаналық оқушылар ерекше жоба әзірледі

Буллинг пен төтенше жағдай кезінде көмек шақырады: астаналық оқушылар ерекше жоба әзірледі

Буллинг пен төтенше жағдай кезінде көмек шақырады: астаналық оқушылар ерекше жоба әзірледі

Астана қаласындағы №111 мектептің оқушылары мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заманауи жобаны әзірледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

7-сынып оқушысы Сұлтан Айтмұханбет пен 5-сынып оқушысы Айару Айтмұханбет оқушылар төтенше немесе қауіпті жағдайға тап болған кезде жедел көмек шақыруға мүмкіндік беретін «Төтенше жағдай түймесі» жобасының прототипін жасады.

Жас әзірлеушілердің идеясы – оқушыға қауіп төнген жағдайда ұзақ уақыт күтпей, бір батырманы басу арқылы жауапты тұлғаларға дереу хабарлама жіберу. Құрылғы мектептегі төтенше жағдайлар, буллинг, қысым көрсету және өзге де қауіп-қатерлер кезінде жедел әрекет ету мақсатында құрастырылған.

Жоба Arduino UNO микроконтроллері, GSM-модуль, арнайы батырма және қуат көзінен тұрады. Құрылғының жұмыс істеу механизмі қарапайым: оқушы өзін қауіпсіз сезінбеген немесе көмек қажет болған жағдайда арнайы батырманы басады.

Хабарлама ата-анаға, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне немесе қауіпсіздік қызметіне жолдануы мүмкін. Бұл оқиға туралы ақпаратты қысқа мерзімде жеткізіп, жағдайға уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді.

Оқушылардың бұл жобасы балалардың қауіпсіздігі мәселесіне технологиялық тұрғыдан қарауға және заманауи цифрлық шешімдерді білім беру ортасына енгізуге бағытталған.

Сұлтан Айтмұханбет пен Айару Айтмұханбеттің әзірлемесі – оқушылардың өздері мектеп қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді көтеріп, оны шешуге бағытталған нақты бастамалар ұсына алатынын көрсетеді.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Астана қаласындағы №111 мектептің оқушылары мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заманауи жобаны әзірледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

7-сынып оқушысы Сұлтан Айтмұханбет пен 5-сынып оқушысы Айару Айтмұханбет оқушылар төтенше немесе қауіпті жағдайға тап болған кезде жедел көмек шақыруға мүмкіндік беретін «Төтенше жағдай түймесі» жобасының прототипін жасады.

Жас әзірлеушілердің идеясы – оқушыға қауіп төнген жағдайда ұзақ уақыт күтпей, бір батырманы басу арқылы жауапты тұлғаларға дереу хабарлама жіберу. Құрылғы мектептегі төтенше жағдайлар, буллинг, қысым көрсету және өзге де қауіп-қатерлер кезінде жедел әрекет ету мақсатында құрастырылған.

Жоба Arduino UNO микроконтроллері, GSM-модуль, арнайы батырма және қуат көзінен тұрады. Құрылғының жұмыс істеу механизмі қарапайым: оқушы өзін қауіпсіз сезінбеген немесе көмек қажет болған жағдайда арнайы батырманы басады.

Хабарлама ата-анаға, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне немесе қауіпсіздік қызметіне жолдануы мүмкін. Бұл оқиға туралы ақпаратты қысқа мерзімде жеткізіп, жағдайға уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді.

Оқушылардың бұл жобасы балалардың қауіпсіздігі мәселесіне технологиялық тұрғыдан қарауға және заманауи цифрлық шешімдерді білім беру ортасына енгізуге бағытталған.

Сұлтан Айтмұханбет пен Айару Айтмұханбеттің әзірлемесі – оқушылардың өздері мектеп қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді көтеріп, оны шешуге бағытталған нақты бастамалар ұсына алатынын көрсетеді.

Еще новости региона