Дін мен дәстүр - қос қанат
Қаламызда ерекше мәні бар кездесу өтті. Шымкент қаласындағы құрметті азаматтар, ардагерлер, имамдар және дін орталығының қызметкерлері бас қосып, елдік пен бірлікке негізделген «Дін мен дәстүр – қос қанат» тақырыбында маңызды мәселелерді талқылады.
Отырыста діни заңнама, теріс бағыттағы идеологияға қарсы іс-қимыл, жастар арасындағы діни сауаттылық деңгейін көтеру, этносаралық төзімділік пен конфессияаралық келісімді қалыптастыру сияқты бірқатар мәселелер талқыланды. Ардагерлеріміз бен қоғам зиялылары өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа өнегелі ойларын айтты.
Қатысушылардың әрқайсысы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қатысты қажетті ақпаратты қамтитын тиісті жадынама алды.
Осындай тағылымды кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қоғамдағы рухани бірлікті арттырары сөзсіз.
Материал Шымкент қаласы бойынша
Терроризмге қарсы комиссия аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -









