ДІН САЛАСЫНДА ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Түркістан облысы, Кентау қаласында, қалалық ішкі саясат бөлімі және «Руханият орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қала әкімі аппаратында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында кеңейтілген жиын өтті.
Іс-шараға әкімдіктің мемлекеттік қызметкерлері, мектеп және денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйым және дін өкілдері қатысты.
Жиынды «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің директоры Қ.Бекметов жүргізіп, Кентау қаласындағы діни ахуалдың жай-күйін, дін саласындағы өзекті мәселелерді баяндады.
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов еліміздің бірлігі мен тыныштығына қаупін тигізуі ықтимал діни ағымдардың ерекшеліктерін, сипатын түсіндірді. Әлеуметтік желілерде діни уағыздарды тарату заңмен жауапкершілік бар екен жеткізді.
Сонымен бірге, діни білім алуда жастарға отандық діни оқу орындарында оқудың маңызды екені және қазіргі кезде ұялы телефонға, әлеуметтік желілерге шырмалған халықтың, әсіресе жастардың діни сауатсыздығы мен білместігінен заңға қайшы келетін іс әрекеттер жасау мүмкіндігі және оның соңы қылмыстық жауапкершілікке алып келетіндігі туралы айтылды.
М. Халықов сөз соңында «қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – жастар арасында радикалды діни идеологиялардың таралуы. радикалды діни ағымдар – азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуы»,- деп атап өтті.
Кентау қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бибі Дәрібаева ұрпақ тәрбиесіне аса мән беру қажеттігін, ХХІ ғасыр білім мен ғылым игеру ғасыры екенін тілге тиек етті.
Қорытындылай келе, оқушылар және тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты мамандармен мардымды жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -










