Діни экстремизмнің алдын алу – тұрақты қоғам кепілі
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Алматы қаласындағы А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді.Іс-шараны ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Алматы қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Аубакирова А.Т. жүргізді.Дәріс барысында бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі - радикализм, экстремизм және терроризм тақырыптары қозғалды. Қатысушыларға бұл құбылыстардың қоғамға тигізер зияны, сонымен қатар одан қорғану жолдары түсіндірілді. Мамандар діни экстремизмнің алдын алудың негізгі жолы — жастарды теріс діни ағымдар мен секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы үнемі хабардар етіп отыру екенін атап өтті.Сонымен қатар, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру жолында ұлттың ішкі тұрақтылығын сақтау, ұлттық қауіпсіздікке төнетін кез келген қатердің алдын алу қажеттілігі де айтылды. Аталған дәріске барлығы 24 адам қатысты. Іс-шара ақпараттық-ағартушылық бағытта жоғары деңгейде өтті.
Материал Алматы қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -








