Діни сауатты болудың маңыздылығын түсіндірді
Атырау қаласында «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Атырау облыстық экология департаментінде және Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасында «Ұлттық құндылық-тұрақтылық тұғыры», «Теріс ағымдағы идеологияның жағымсыз әсеріне қарсы тұру» атты кездесулер өткізілді.
Жиынға ақпараттық-түсіндіру топ мүшесі, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының теологы Ринат Қалмазұлы қатысты. Маман дін атын жамылған жат ағымдардың зардабын түсіндіріп, ұлттық құндылықтарды сақтау жайында ашық сұхбат жүргізді.
Сонымен қатар діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан республикасының заңы, діни сенім бостандығы, сауаттылықтың маңызы жайында түсіндіріп және қатысушыларға өзге ағымның жетегіне кетіп, қазақи құндылықтарды жоққа шығарудың салдарынан салт-санамызға нұқсан келетінін ашық жеткізді. Сондықтан дін маңыздылығын сақтап, тура жолдан таймаудың алдын алуға шақырды.
Материал Атырау облысы бойынша ҰҚК
департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -