ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Түркістан облысы, Отырар ауданында «Діни сауаттылық – ұлт болашағы» тақырыбында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, оған қарсы иммунитетті қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру.
Кездесуге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Кемелханов, Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Сәрсеков, Отырар аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызмет тобының ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Динара Жақсыбайқызы қатысты.
Кездесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Сәрсеков радикалды діни ағымдардың қауіптілігі мен сипаттамасы жөнінде мағлұматтар беріп, қазіргі таңда өзекті мәселе екенін жеткізді.
Радикалды ағымдардың таралуы мен оларға қарсы насихаттық шаралар туралы толыққанды түсіндірді.
Радикалды діни ұйымдардың қағидалары, діни секталардың сыртқы бейнесі мен ерекшеліктері түсіндірілді.
Түсіндірме жұмыстары барысында радикал діни идеологияны уағыздаушылардың қоғамға тигізер қауіпі, діни көзқарастардың мәні туралы жан-жақты ақпарат берілді
Сонымен бірге, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, тақырыпқа байланысты ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді.
Семинар барысында қосымша ақпараттық қауіпсіздік, әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды сауатты пайдалану, оларды тарату кезіндегі жауапкершілік пен қауіпсіздік туралы баяндалды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған дін саласындағы ең өзекті мәселелер туралы сұрақтарға мамандар толыққанды жауап берді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -










