Дайындықты тексеру мақсатында
Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандарында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының жоспарға сәйкес оқу-жаттығуы өткізілді.
Жаттығу өткізілетін нысан ретінде терроризм тұрғысынан осал нысандар Есік қалалық «Спорт кешені», Талғар аудандық Қазынашылық мемлекеттік мекемесі, Жамбыл аудандық «Кірістер басқармасының» ғимараттары таңдалып алынды.
Шара барысында қатысушылардың дайындығы тексерілді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы әзірлеген алгоритмге сәйкес Штаб мүшелері, жедел топтар мен мүшелерінің іс-қимылдары пысықталып, қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесу бойынша шаралар қабылданды.
Өрт сөндіру қызметкерлерімен қауіпті аймақтағы өртті сөндіру бойынша жұмыстар атқарылды.
Сондай-ақ, террористтер ауаға улы зат таратқан жағдайда ауаның құрамын анықтау үшін жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмылдырылып, ауаның құрамындағы улы затты анықтау аппараттарының жұмысы таныстырылды.
Сонымен қатар, аталған аудандардың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының мүшелеріне шара қорытындысы бойынша жиын өткізіліп, топ басшылары мен орынбасарларынан жедел штабтың жұмысына қатысты нормативтік құқықтық актілерді білу деңгейін анықтау мақсатында тестілеу өткізілді.
Жаттығуға аудандардың мемлекеттік органдары мен құқық қорғау органдарының күш-құралдары жұмылдырылып, әр аудан бойынша шамамен 100 адам, барлығы 300-ге жуық адам қатыстырылды.
Материал Алматы облысы бойынша
ҰҚК департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
_________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -