ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Иматовпен, Түркістан облысы дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы теолог А.Дүйсен және ауданның бас имамы Ә.Сертайдың қатысуымен радикалды діни ағымдардың алдын алу бойынша семинар кеңес өтті.
Іс-шараның мақсаты – дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, аудан тұрғындары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы тұрғындардың діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.
Жиын барысында, «Радикалды діни ағымдардың алдын алу» бойынша «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы теолог А.Дүйсен: «Қазіргі уақытта қоғамды алаңдатып отырған, әліде өзінің өзектілігін жоғалтпаған басты мәселелердің бірі – жат ағым. Бүгінгі таңда радикалды діни ағым идеологияларын насихаттау біршама жүйемен іске асырылады.
Ақпаратты кітап күйінде және интернет желісінде жаппай мыңдаған жалған діни ақпараттар таратумен айналысады.
Жат діни ағымдардың іс-әрекеттеріне, экстремизмге тосқауыл қоюдың ең негізгі құралы ол – профилактика, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімді жүргізілуі және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру.
Экстремизмге қарсы күрес жүргізуді екі жолмен жүзеге асыруға болады: ең алдымен, «оқшауланып» кетпеген, экстремисттік идеологияның қақпанына түспеген халықты ескерту мен олардың арасында профилактикалық жұмыстарды белсендірек атқару қажет»,- деп атап өтті.
Кездесу қорытындысымен, арнайы келген қонақтар діни сауаттылық және тұрақтылық жайлы ойларын баяндап, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жиынға барлығы 100-ге жуық қызметкерлер қатысты.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -










