IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКСОЙ СТУДЕНТТІК ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ТҮРКІСТАНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ: Туркестанская область, 08 Октября 2026 года - новости на сайте gurk.kz

IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКСОЙ СТУДЕНТТІК ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ТҮРКІСТАНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында IV Халықаралық ТҮРКСОЙ студенттік театр фестивалінің жабылу салтанаты өтті. 5–7 қазан аралығында ұйымдастырылған халықаралық өнер додасына Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің жоғары оқу орындарынан студенттер, жетекші оқытушылар мен профессорлар қатысты. Фестивальдің негізгі мақсаты – түркі елдерінің жас театр мамандары арасында шығармашылық байланысты нығайту, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және ортақ мәдени құндылықтарды дәріптеу. Бірнеше күнге жалғасқан өнер додасы барысында қатысушы оқу орындарының театр ұжымдары өз қойылымдарын көрермен назарына ұсынып, шығармашылық шеберліктерін танытты. Жабылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы, профессор, доктор Хүсейн Қараман, университет ректоры Жанар Темірбекова, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Бақытжан Садықов және Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, фестивальдің маңызына тоқталды. Қала әкімі өз сөзінде Түркістанның IV Халықаралық ТҮРКСОЙ студенттік театр фестиваліне шаңырақ иесі болуы қала тұрғындары үшін айрықша мәртебе екенін атап өтті. «Бұл фестиваль – жас өнер иелерінің шығармашылығын шыңдаумен қатар, түркі жұртының рухани-мәдени және шығармашылық байланысын нығайтады. Өнер бәсекесі театр саласындағы кәсіби тәжірибе алмасуға тұғыр болатыны сөзсіз», – деді қала әкімі. Қорытынды салтанат барысында фестивальдің жеңімпаздары марапатталып, үздік өнер көрсеткен жас театр мамандарына арнайы жүлделер табысталды.

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона