Көркем жүзуден әлем кубогы: елордалық спортшылар күміс жүлдеге ие болды
Қытай астанасы Бейжіңде көркем жүзуден Әлем Кубогының алғашқы кезеңі басталды. Алғашқы жарыс күні отандастарымыз жеңіс тұғырынан көрінді. Ел қоржынына су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алғашқы алтынын салған елордалық Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы (микст дуэт) техникалық бағдарламада күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарыстың жүлдегерлері төмендегідей:
Қытай – 206.8800 ұпай;
Қазақстан – 199.4450;
Испания – 195.561.
Бұл отандастарымыздың әлем кубогындағы бірінші жүлдесі емес. Осыған дейін 2023 жылы Испания мен Египет төрінде де жеңімпаздардың қатарына кірген болатын.
Сондай-ақ, техникалық бағдарлама бойынша әйелдер арасындағы топтық сайыста да спортшыларымыз қола жүлде жеңіп алды. Құрама сапында Астана қаласының спортшылары яғни, Әйгерім Құрманғалиева, Жания Жиенғазы, Анна Павлецова, Жаклин Якимова өнер көрсетті.
Қытай – 250.2686 ұпай;
Аустралия – 229.117;
Қазақстан – 208.6020.
Айта кетейік, бұл кезеңде 14 елден келген 85 спортшы сынға түсіп жатыр.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -