Кәсіпкерлік ортадағы жасырын қатерлер
Созақ ауданының кәсіпкерлерімен экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған «Кәсіпкерлік ортадағы жасырын қатерлер» атты тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлер арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, экстремизм мен терроризм туралы түсінік қалыптастыру және сол арқылы қоғамда тұрақтылықты сақтау болып табылады.Кездесу барысында қатысушыларға экстремизм мен терроризм ұғымдарының мәні, олардың қоғамға тигізетін қатерлері және осындай әрекеттердің алдын алудағы кәсіпкерлік субъектілерінің рөлі түсіндірілді.Спикерлер өз сөздерінде кәсіпкерлер қызмет барысында түрлі әлеуметтік топтармен, соның ішінде жастармен жиі байланыста болатындықтан, олардың теріс идеологияларды ерте тануы өте маңызды.Сонымен бірге, аудандық ақпараттық насихаттық топтың мүшесі Қ.Салықбаев «Кәсіпкерлер экстремистік және террористік ұйымдардың қаржы көздеріне айналмауы үшін, кез келген күмәнді мәмілелер мен байланыстардан сақ болуы тиіс. Бүгінгі ақпараттар бізге жаңа көзқарас қалыптастырды. Тек табыс табу емес, қоғамның қауіпсіздігі үшін де жауакерміз», - деп ескертті.Террористік ұйымдардың қаражатты заңдастыру тәсілдері, жалған қайырымдылық қорлары мен көлеңкелі бизнес арналары туралы түсіндірілді.Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар берілді.Кездесуге 50-ге жуық кәсіпкерлер қатысты.
Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -










