Кентау тұрғындарында терроризмге қарсы иммунитет қалыптасты
Кентау қаласында орналасқан орталық қалалық аурухана, жастар ресурстық орталығы, көпсалалы колледж және өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлермен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында жиналыстар ұйымдастырылды.Іс-шаралардың негізгі мақсаты - халық арасында экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру, террористік идеологиялар мен экстремистік әрекеттердің қауіптері, терроризмнің салдары мен оның алдын алу жолдары туралы ақпарат беру және сол арқылы экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылады.Кездесу барысында қазіргі уақыттағы экстремистік және террористік идеологиялардың таралу ерекшеліктері, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын манипуляциялық тәсілдер, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптары туралы сөз қозғалды. Қызметкерлерге күмәнді материалдарды ажырату, жалған экстремистік және террористік сипаттағы контенттің негізгі белгілері туралы түсіндірілді.Кездесу аясында арнайы шақырылған Түркістан облыстық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Қ.Мырзабай: «Экстремизмге қатысу немесе террористік әрекеттерге жәрдемдесу ҚР Қылмыстық кодексі бойынша қатаң жауапкершілікке әкеледі. Барлық азаматтар үшін ақпараттық сауаттылық, ресми дереккөздерге сүйену және күмәнді байланыстардан аулақ болу өте маңызды», - деп тілге тиек етті.Сонымен бірге, жиын соңында қатысушыларды ақпараттық кеңістіктегі кез-келген күдікті контенттерден сақ болып, тек расталған көздерден ақпарат алуға шақырды.Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







