Колледж қызметкерлері үшін радикалды экстремизм мен терроризм және өрт жағдайында әрекет ету бойынша кеңес өткізілді
Ағымдағы жылдың 23 кыркүйегінде Алматы қаласының ТҚО бөлімінің қызметкерлерімен қаладағы Евразиялық Агро-Техникалық колледжінде білім беру ұйымының қызметкерлері мен инженерлік-педагогикалық құрамына арналған кеңес өтті.Іс-шара тақырыбы – «Террористік акт және өрт қаупі туындаған жағдайда білім беру ұйымының қызметкерлері мен педагогтердің іс-қимыл алгоритмі» болды.Кеңес барысында қатысушылар:⦁ күдікті заттар (жарылғыш құрылғылар) табылған жағдайда;⦁ телефон арқылы немесе жазбаша түрде қауіп туралы хабар алынған кезде;⦁ қарулы шабуыл, террористік әрекет немесе кепілге алу жағдайындақандай әрекет ету қажеттігімен танысты.Сондай-ақ, білім беру мекемесі қызметкерлері мен инженерлік-педагогикалық құрамы төтенше жағдайларда білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-қимыл алгоритмдерін меңгерді.Іс-шара соңында қатысушыларға терроризм қаупі немесе өрт жағдайында әрекет ету тәртібі туралы ақпараттық бюллетеньдер таратылды.Бұл кеңестің негізгі мақсаты – оқу орнының қауіпсіздігін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алуда білім беру ұйымының персоналының дайындық деңгейін күшейту.
Материал Алматы қаласы бойынша ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -








