Команда Жетісу заняла 1-ое место в республиканском конкурсе молодых архивистов: Область Жетісу, 04 Октября 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Команда Жетісу заняла 1-ое место в республиканском конкурсе молодых архивистов

Жуырда Жезқазған қаласында өткен «Ұлытау – түркі өркениетінің жерұйығы» атты V республикалық «Жас архившілер» байқауында Жетісу командасы жүлделі бірінші орын иеленді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ҚР Президентінің Архивінің қолдауымен Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Ұлытау облысының мемлекеттік архиві ұйымдастырған байқауға біздің өңірден «Жетісу жұлдыздары» атты команда қатысқан.

Жетісу облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметіне қарағанда, құрама команданың сапында осы салада еңбек етіп жүрген Кенже Қанапиянова, Раушан Досымбекова, Гүлжан Мейрамбекова, Жанна Өнерханова сынды жас мамандар болды. Олар архив құжаттарының құндылығын дәріптеу, архив саласының жас мамандарының шығармашылық қабілетін дамыту, оларға кәсіби бағдар беру, және архивші мамандардың мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған байқауға бар ынтасымен дайындалған.

Байқауда қатысушылардың архив саласына қатысты заңнамаларды, нормативтік-құқықтық құжаттарды білу деңгейі сарапқа салынып, олар арнайы тест тапсырмаларын орындаудан бақ сынасқан. Сонымен қатар Ұлытаудың табиғаты мен тарихы жайында шығармашылық жарысқа түскен. Оған қоса біздің архившілер «Туған өлкем – тұнған тарих» атты кезеңінде Жетісудың табиғат тамашалары, тұлғалары мен тарихы жайлы архив материалдарын сөйлетіп, кеңінен таныстырғанын айтады.

- Жетісу өңірінің тарихы туралы архив құжаттары біршама. Сол тарихи фактілерге сүйеніп, архив құжаттарының негізінде баяндама жасадық, бейнеролик пен слайд дайындап апардық. Әрине, тарихи құнды құжаттардың өзінің сақталу тәртібі бар, қараңғы жерде, белгілі бір температурада сақталуы тиіс. Оларды тысқары жерлерге алып шығуға болмайды. Сондықтан архив материалдарын өзіміз дайындаған шығармашылық еңбектеріміздің ішінде барынша ашып көрсете алдық деп ойлаймыз, - дейді Жетісу командасының мүшесі Гүлжан Мейрамбеков.

Осылайша «Жетісу жұлдыздары» байқауда 1-ші орын алып, 700 мың теңгенің сертификаты мен арнайы дипломға ие болды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона