Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! 2026 жылдың 23 тамызында Құрылтайға сайлау өтеді.
Түркістан облысында сайлауға қатысатын мүгедектігі бар 14 873 азамат бар. Олардың сайлау құқықтарын толық әрі кедергісіз жүзеге асыруы үшін сайлау учаскелерінде қажетті жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс.
Облыс аумағында барлығы 952 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 926 сайлау учаскесі ашық, ал 26 сайлау учаскесі жабық.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, сайлау учаскелерінде жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін ғимаратқа кедергісіз кіріп-шығу және ғимарат ішінде еркін қозғалу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет.
Атап айтқанда:
1) кіріс топтары (сыртқы баспалдақ, пандус, кіру алаңы, сыртқы және ішкі есіктері, есік табалдырығы);
2) қызмет көрсету аймағы (қабылдау орны, анықтама бұрышы);
3) санитариялық-тұрмыстық орынжайлар (универсалды кабинасы бар дәретхана, қолжуғыш, ванна бөлмесі, душ бөлмесі);
4) бұқаралық ақпарат құралдары және телекоммуникация құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету (ақпараттың тактильдік құралдары, белгілер мен символдар, дабыл сигналдары, лифтілердегі хабарлағыштар);
5) жол қозғалысында қолжетімділігін қамтамасыз ету (жолдар, тротуарлар, сыртқы баспалдақ);
6) объекті аумағына қолжетімдікті қамтамасыз ету (көлік қоятын орын)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне және сайлау учаскелерінде қолжетімді ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударады.
Әрбір азаматтың сайлау құқығын еркін және кедергісіз жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету – маңызды міндет.
Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын толық әрі кедергісіз жүзеге асыруына қажетті жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс.
23 тамызда әрбір дауыс маңызды!
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







