МАХАМБЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Махамбет ауданында Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен және «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшелеріне арналған «АТТ жұмысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу әдіс-тәсілдері» тақырыбында оқыту семинары өтті. Шараға 28 маман қатысып, оларға арнайы сертификаттар табысталды.
Семинардың негізгі мақсаты – Атырау өңіріндегі АТТ мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, діни қауіптерге қарсы іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу жолдарын талқылау.
Семинар барысында бірқатар дін мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының директоры Артур Айтмағамбетов діни қауіптердің алдын алудағы инновациялық тәсілдер мен өңірлік ерекшеліктерге бейімделген жұмыс үлгілерін ұсынды. Ол нақты оқиғалар арқылы АТТ жұмысының маңыздылығына тоқталды.
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚҚ басшысы Ербол Жаулин өз сөзінде жастармен жұмыс істеудің заманауи жолдарын, соның ішінде визуалды және интерактивті контентті пайдалану арқылы діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Қарас Қазиев сенімді коммуникация мен аудиториямен дұрыс байланыс орнатудың психологиялық қырларын тілге тиек етті. Ол АТТ мүшелеріне аудиториямен жұмыс істеуде қолдануға болатын нақты практикалық әдістермен таныстырды.
«Шапағат» орталығының теологы Думан Күмісбек радикалды діни идеологиялардың қоғамға әсер ету тәсілдерін саралап, діни білімнің маңыздылығын түсіндіруде күнделікті тұрмыстық мысалдарды қолданудың тиімділігін алға тартты.
Семинарда сөз алған «Жәрдем-Атырау» қоры директорының орынбасары Мейірбек Құбышев АТТ жұмысы аясында жүзеге асырылған өңірлік жобалар туралы баяндап, ауылдық жерлерде ақпараттық жұмыс жүргізудің ерекшеліктері мен қиындықтарын бөлісті. Ол қоғаммен тікелей жұмыс істеудің маңызын нақты мысалдармен көрсетті.
Сондай-ақ, «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ заңгері Бейбіт Табарак Қазақстан Республикасының діни саладағы заңнамалары мен мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы толық ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар алған білімдерін өңірлік деңгейде тиімді қолдану жолдарын талқылап, болашақтағы ортақ іс-шараларға қатысты ұсыныстарын білдірді. Ақпараттық материалдар таратылып, сұрақ-жауаппен қорытындыланды.
Атырау облысының Терроризмге қарсы комиссиясы
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -












