Медиалық майдан: теле және радиохабар тарату нысандарындағы антитеррористік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Бұқаралық ақпарат құралдары нысандарын антитеррористік тұрғыдан қорғау – терроризм қаупі төнген жағдайда маңызды міндеттердің бірі болып саналады.Себебі, БАҚ нысандары – қылмыскерлер үшін ең осал және стратегиялық маңызы бар орындар. Әсіресе теле және радиохабар тарату станциялары төтенше жағдайлар кезінде ақпарат таратудың басты көзі болып табылады. Мұндай нысандарға бақылау орнату арқылы қаскөйлер жалған ақпарат таратып, халық арасында дүрбелең туғызуға әрекет етуі мүмкін. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 11 маусымында Алматы қаласының әкімдігінде БАҚ қызметкерлеріне (журналистер пулына) Алматы қаласының Терроризмге қарсы орталық бөлімінің қызметкерлерімен ұйымдастырылған жиналыс өтті.Жиналыста келесідей мәселелер талқыланды:1.Штаттан тыс жағдай туындаған кезде қызметкерлердің алғашқы іс-қимыл алгоритмдерін білуі (тұрғындарға дұрыс мәлімет жеткізу). 2.Терроризм қаупі төнген сәтте қызметкерлер тез әрі сауатты әрекет етуге дайын болуы. 3.Эвакуация ережелерін меңгеру мен шұғыл қызметтермен дұрыс байланыс орнату.4.Кризистік жағдайларда алғашқы іс-әрекеттерді меңгеру.Жиналыс барысында журналистерде өз ойларымен бөлісіп, қауіптің алдын алу мен оның салдарын азайтудың маңыздылығын жеткізді.
ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментініңТерроризмге қарсы орталық бөлімі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







